ГлавнаяСапа және сертификаттау

Сапа және сертификаттау

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» РМК

сапа саласындағы саясаты

 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» РМК – монета, медаль-орден, медаль-белгіше өнімдерін, сонымен қатар өлшеуіш құймакесектерді, тексеру таңбаларын шығаруға мамандандырылған заманауи кәсіпорын.

ҚТС өз стратегиясын – кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін ұдайы арттыру, заманауи әлемдік нарық жағдайында тұрақты табыс табу деп біледі.

Сапа саласында саясатты дамыту:

• басшылықтың кәсіпорында ISO 9001:2015 стандарттары талаптарына сәйкес басқаруды бұлжымастай ұйымдастыруымен;

•  ISO 9001:2015 стандарттары негізінде СМЖ мен оның үдерістерін үнемі шыңдап отырумен;

• кәсіпорын өнімін тұтынушылардың қанағаттану деңгейін арттырумен, әр тұтынушының барлық ағымдағы және келешектегі талаптарын түсінумен;

• жаңа технологияларды енгізумен, қолда бар өндірістік үдерістерді жетілдірумен және жаңғыртумен;

• қызметкерлер құрамының кәсіби біліктілігіне, құзіреттілігіне, жетік білуіне және уәжделуіне негізделген ұйымның корпоративтік мәдениетін қалыптастырумен қамтамасыз етіледі.

Кәсіпорын басшылығы өзіне төмендегілер бойынша жауапкершіліктер алады:

• Сапа саласындағы саясаттың кәсіпорынның мәнмәтініне және кәсіпорын дамуының стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі;

• сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 стандарттары талаптарына сәйкестігіне қатысты өзінің көшбасшылығын және міндеттемелерін көрсету;

• қолданыстағы заңнамалық және нормативтік талаптарға сәйкес өндірістік қызметтерді жүзеге асыру;

• ҚТС сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі арттыру;

• процестік көзқарас пен тәуекелді-бағыттық ойлауды дамыту;

• менеджмент жүйесінің нәтижелілігін арттыруға қажетті ресурстар бөлу, кәсіпорынды басқару процесіне қызметкерлер құрамын тарту және белсенді қатысуы үшін жағдай жасау.

 

Үйлестіру кеңесінің

отырысында бекітілді

2022 жылғы 17 қаңтардағы

№ 44-08-02/5 хаттама

                                   

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» РМК денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы саясаты

 

ҚТС басшылығы өз стратегиясын кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін тұрақты арттыру, ұжымның әл-ауқатын көтеру және өндірісті одан әрі дамыту үшін қазіргі әлемдік нарық жағдайында тұрақты түсім алу ретінде айқындайды. «ҚР ҰБ ҚТС» РМК-ның денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы негізгі мақсаты өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды барынша азайту, кәсіптік тәуекелдер деңгейін төмендету болып табылады.

«ҚР ҰБ ҚТС» РМК ДҚ және ЕҚ саласындағы саясатының негізгі стратегиялық бағыттары:

  • өндірістік үдерістерді автоматтандыру, заманауи қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін заман талабына сай жабдықтар сатып алу арқылы өндірісті жетілдіру;
  • жыл сайын оқыту, өзекті оқыту бағдарламаларын қолдана отырып, білім беру орталықтарында қызметкерлер құрамының біліктілігін арттыру;
  • ДҚ және ЕҚМЖ есебінен жұмыстарды ұйымдастыру тиімділігін арттыру;
  • қызметкерлер құрамын ДҚ және ЕҚМЖ қатыстыру, қызметкерлердің уәждемесін, қауіпсіздік мәдениетін арттыру;
  • өнертапқыштық шешімдер есебінен өнімді шығару жоспарын ұлғайту.

«ҚР ҰБ ҚТС» РМК басшылығы келесі міндеттерді өз жауапкершілігіне алады:

  • ISO 45001 талаптарына сәйкес денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы менеджмент жүйесінің тиімді жұмыс істеуін және үнемі жақсаруын қамтамасыз етуді;
  • жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен еңбек жағдайларын жақсартуға, олардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында кәсіби тәуекелдерді азайтуға бағытталған технологияларды, жабдықтарды материалдарды қолдануды енгізуді;
  • еңбекті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын сақтауды;
  • ДҚ және ЕҚ қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстарды (қаржылық, кадрлық, материалдық) бөлуді;
  • қызметкерлерді ДҚ және ЕҚ менеджменті жүйесіне қатыстыруды қамтамасыз етуді.

 

 

Үйлестіру кеңесінің

отырысында бекітілді

2022  жылғы  17  қаңтардағы

№ 44-08-02/5 хаттама

 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» РМК ақпараттық  қауіпсіздік саясаты

 

Кәсіпорын басшылығы өз стратегиясын замануи әлемдік нарық жағдайларында ұйымның бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттыру және Қазақстан Республикасының мүддесінде және Кәсіпорынның әл-ауқатын арттыру мақсатында өндірістің әрі қарай дамуы үшін тұрақты пайда алу ретінде белгілейді.

Ақпараттық қауіпсіздік Кәсіпорындағы кауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басқару элементтерінің бірі болып табылады. Басшылық ақпаратты кәсіпорынның маңызды активтерінің бірі ретінде және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қызметін табысты жүргізу үшін қажетті талап ретінде қарастырады.  Бұл стратегия кәсіпорынның қызметкерлері үшін өндірістік және басқарушы процестердің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс.

Ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметтің басымды бағыттары келесідей:

•  кәсіпорында сыртқы және ішкі қауіптерден ақпараттық алмасу объектілерін қорғау;

• ақпаратқа кездейсоқ немесе алдын ала ықпал ету арқылы материалдық, физикалық, моралдық немесе өзге тәуекелдікті азайту;

•  ақпаратты тасымалдаушылар, ақпаратты өңдеу және тапсыру процестері.

Саясатты жүзеге асыру келесі жолмен жүргізіледі:

• тәуекелдіктерді сәйкестендіру және қауіпті бағалау,  тәуекелдіктерді азайту бойынша шараларды дер кезінде әзірлеу және жүзеге асыру;  

• ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында  нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау;

• Кәсіпорында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің белгіленген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ISO/IEC 27001 халықаралық стандарттың талаптарын пайдалану;

• аппараттық және бағдарламалық құралдардың беріктілігін арттыру, есептеу және көшіру-көбейту техникасы құралдардың тиісінше пайдалануын бақылау;

• ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін, құзыреттілігін және хабардар етуін арттыру;

• қолданастағы технологияларды, жабдықты және бағдарламалық- аппараттық кешендерді жетілдіру және олардың жаңа түрлерін  енгізу.

Кәсіпорын басшылығы ақпараттық қауіпсіздік жөнінде қолданылатын талаптарды сақтау бойынша жауапкершілік атқарады.

 

Үйлестіру кеңесінің

отырысында бекітілді

2021  жылғы  23 желтоқсандағы

хаттама

 

Бас директор А.Ю. Транов

 

ISO 27001-2013 kaz  ISO 9001-2015 kaz ISO 45001-2018 kaz Certificate Lab kaz

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС
Телефон (Қабылдау бөлмесі):
(7232) 75-33-50
Факс:
(7232) 75-15-80
admin@kmd.kz
Дүйсенбі-жұма 08:00-17:00
Қазақстан Республикасы, 070005,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 102/1
Ошибка. Неверный логин или пароль
Авторизация
Авторизован
Личный кабинет